ЖЕРЛЕС ҚАЛАМГЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

"Бейбітшілік әлемі" халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұлттық әдебиетіміз бен отанымыздың дамып, өркендеуіне, ел ынтымағының нығаюына көркем шығармашылығымен үлес қосқан қаламгерлерді марапаттау мәзірін сырбойылық қаламгерлермен толықтырды.
Жақында ақын Махмұтбай Әміреевтің "Ұлт мақтанышы", жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "М.А.Шолохов" халықаралық медальдарымен марапатталғаны жөніндегі ақжолтай хабар жетті.
Қос қаламгердің мұндай құрметке лайық екені көзіқарақты оқырманға аян.
Ал, біз әріптетерімізге қалам ұшынан шыққан ұшқыр туындыларыңыз тәуелсіз еліміздің абырой-беделі үшін қызмет ете берсін деген тілек білдіреміз.
"Сыр бойы" газетінің шығармашылық ұжымы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2013 г. 1 824 0