Дзюдошылар «Абзал и К» жүлдесін сарапқа салады

Дзюдошылар «Абзал и К» жүлдесін сарапқа салады20-21 маусым күндері Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан «Абзал и К» жүлдесі үшін 1999-2000, 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан мемлекеттерінен 26 команда, 500-ге жуық спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Мақсаты - Елбасының Жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге барысында бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, жастар арасында дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов ауылында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал и К» толық серіктестігінің медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2015 г. 709 0