« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Салтанатты шарада аймақ басшысы түлектерді оқу жылын сәтті аяқтауларымен құттықтап, ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары жетістіктерге қол жеткізгендері үшін ризашылығын білдірді.
- Биыл Сыр елінің 139 түлегі білім саласының алтынына лайық екенін растап, ата-аналары мен ұстаздарының ақжолтай үмітін ақтап шықты. Өткен жылмен салыстырғанда 45 алтын белгіні артық алған Сыр жұртшылығын осы қуанышымен шын жүректен құттықтаймын. Алтын белгілеріңіз алтын кілтке айналып, еліміздің кез келген оқу орнының есігін ашсын, -деді облыс әкімі.
Мұнан соң үкілеген үмітті ақтап, «Алтын белгіні» дәлелдеген 139 түлек салтанатты түрде марапатталды. Аймақ басшысы барлық өрендерге арнайы төсбелгіні тағып, ноутбук сыйға тартты. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қортындыланды.
Айта кетейік, биыл 6452 мектеп бітірушінің 4165-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 81,7 орташа балмен жоғары нәтиже көрсетті. Былтыр Республикада 13 орында болған Қызылорда облысы биыл 5-ші орынға көтерілді. Облыс бойынша 100-ден жоғары балл жинаған оқушы 653 болса, оның ішінде 2 мектеп бітіруші 123 балға ие болды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |