« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасында аймақ кәсіпкерлерінің қатысуымен ҚР Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау өлшеміне
қатысты оқыту семинары өтті.
«Алтын сапа» – бұл халыққа қалтқысыз қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін берілетін сыйлық.
Биылғы жылдан бастап «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, өткізетін болады.
Семинарды өткізудегі мақсат – сыйлық пен байқауға қатысуға үміткерлерге ереже-талаптарымен таныстырып, кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету.
Оқыту семинарын «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушылардың құжаттарын қарап, бағалауда мол тәжірибесі бар үздік сарапшы-аудиторлар: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова мен «НаЦЭкС» АҚ-ның сарапшысы Ольга Ленева өткізді.
Жоғарыда аталған шараларға қатысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова: «Астана экономкалық Форумының қорытынды есебіне сәйкес біз 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ендік. Бәсекеге қабілеттілік – бұл бірінші кезекте халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға әсер ететін бірден бір фактор болып табылады. Қазір біз аталмыш шараларға қатысты тұжырымдамалар әзірледік. Осы талаптарға сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсыөткізілетін болады», - деді.
Семинарға өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты. Шара қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Айта кету керек, «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға үміткерлер өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды мекен-жайына жолдай алады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |