Қызылордалық гимнасшылар халықаралық турнирден қола иеленді

Қызылордалық гимнасшылар халықаралық турнирден қола иелендіАстана қаласында 4 мемлекеттен 230 спортшы қатысқан «Жұлдыз-2015» кубогы үшін көркем гимнастикадан IV халықаралық турнир өтті.

Көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан мен хореограф Гүлзира Әбуова жетекшілік жасаған қызылордалық гимнасшылар облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Толқын Абдиева мен 2003 жылғылар арасында Айжан Қуандықова турнирдің қола жүлдесін иеленді. 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнасшылары топтық көріністе қола жүлдеге ие болды. Топ құрамында Құралай Сапар, Жасмин Қадыр, Гүлден Бердібек, Раушан Аспандиярова, Ақмейір Пазылбекқызы, Шакира Қанатбек өнер көрсетті.

Сондай-ақ, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Аружан Құрмантай (2004 ж.т.), Нұрай Ғабит, Шакира Қанатбек (екеуі де 2005 ж.т.), Гүлден Бердібек (2006 ж.т.) және Даниелла Қанатбек (2007 ж.т.) марапатталды.

Енді олар үстіміздегі жылдың 18-21 маусым аралығында өтетін Жамбыл облысының ашық чемпионатына қатысады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2015 г. 576 0