« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жүргізушінің құжаттарын, көліктің ішін тексеру кезінде артқы орындығының төменгі жағынан күмәнді қара түсті полиэтилен орамасын байқайды. Пакетті ашып қарағанда өзіне тән ерекше иісі бар есірткіге ұқсас жасыл түсті зат анықталып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылады. Аталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 822 грамды құрайтын «марихуана» заты екендігі анықталды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда сезікті азаматтың жеке тұлғасы анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, облыс көлемінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
2015 жылдың 5 айында заңсыз айналымнан 12 кг. 636 грамм есірткі заттары тәркіленді. Соңғы бес жылдың ішінде облыстық наркологиялық диспансер есебінде тұратын азаматтардың саны 40 пайызға, оның ішінде әйелдер саны 4 есеге төмендеу үрдісі байқалады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |