Қызылорда облысында өңір экономикасын әрі қарай дамытуға серпін беретін келісім жасалды

Қызылорда облысында өңір экономикасын әрі қарай дамытуға серпін беретін келісім жасалдыБүгін Қызылорда облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы арасында «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіпорынның өңірлік филиалдарының жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев Қызылорда облысы компанияның бастамаларын әрқашан қолдап келетінін атап өтті.

Қос тарап жергілікті өнімдер көлемін ұлғайту, еншілес компаниялардың кеңселерін Қызылорда облысына көшіру және Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысындағы бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» балансына беру сияқты бірқатар мәселелерді талқылап, «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойды. Меморандум өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға, азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігінің деңгейін көтеруге өз септігін тигізетін болады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.

Айта кетейік, ертең «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы кәсіпорын филиалдарының жұмысымен танысатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2015 г. 602 0