Қызылордалық жас былғары қолғап шеберлері ел чемпионатынан 8 жүлдені иеленді.
Ақмола облысының Степногорск қаласында
бокстан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР
чемпионатында жерлестеріміз жүлделі оралды. Республикамыздың барлық
өңірінен 152 спортшы қатысқан тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде
жерлестеріміз 8 жүлдені иеленді.
Атап айтсақ, 48 келі салмақ
дәрежесінде Азамат Бектас (спорт интернат) ел чемпионы атанды. 38 келіде
Қалжар Нүркен (№5БЖСМ), 46 келіде Сұлтан Сәдуақасов пен 66 келіде Тен
Владислав (екеуі де спорт интернат) чемпионаттың күміс жүлдесін
иеленді.
30 келіде Данияр Санатбаев (№12
Сырдария аудандық БЖСМ), 32 келіде Жаннұр Әділбек (№17 Қазалы аудандық
БЖСМ), 50 келіде Айдос Тәттібай (спорт интернат), 60 келіде Жоламан
Нұрадин (№18 Қазалы қаласының БЖСМ) қола жүлдеге қол жеткізді.
Чемпионат қорытындысы бойынша спортшылардың барлығы спорт шеберіне
үміткер нормативін орындады.
Спортшылар 21-26 маусымда Қарағанды
облысы, Балқаш қаласында болатын халықаралық турнирге қатысады. Одан
кейін 1-7 шілде аралығында Алматы облысы Қаскелең қаласында өтетін ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаетың жүлдесіне арналған халықаралық турнир күтіп
тұр.