« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сағатбек
Болатбекұлы 1962 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы Жосалы кентінде
дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде құрылысшы болып бастаған.
1982-1987 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып, «заңгер» мамандығын алған.
1987
жылдың тамыз айынан Қармақшы аудандық ауыл шарушылығы басқармасында
заңгер, 1988-1992 жылдары Шиелі, Қазалы аудандық прокуратурасында
стажер, тергеуші, 1992 жылдың маусым айынан Қызылорда облыстық
прокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры және прокурор-криминалист,
1994 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аса
маңызды істер жөніндегі тергеушісі, 1995 жылдың ақпан айынан Семей
облысы Курчатов қаласы № 9357 әскери бөлімінің арнайы прокуроры,
1997-2002 жылдары - Байқоңыр қалалық прокуроры, 2002 жылдың шілде айынан
Қызылорда облыстық прокурорының атқарушылық өндірісі саласы бойынша аға
көмекшісі қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 21 тамыздағы Жарлығымен Қызылорда қалалық
сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Одан кейін, 2007-2011 жылдар
аралығында Шиелі аудандық сотының төрағасы, 2011 жылдан осы күнге дейін
Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы қызметін атқарған.
Сондай-ақ Қызылорда қалалық №2 сотында кадрлық ауыс-түйіс болды.
«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №29 Жарлығына сәйкес, Қалымбет Бақытжан Мүслімбекұлы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Қызылорда қалалық № 2 сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |