«Қайсар» клубының басшылығы жанкүйерлермен кездесті

 

Естеріңізде болса, 15-сәуір күні Ел чемпионатының 7-туры аясында «Қайсар» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдаған болатын. Алайда, ойын нәтижесі қызылордалық жанкүйерлердің көңілінен шықпай, наразылығын тудырған еді.

Осы орайда, орталық стадионда «Қайсар» футбол клубы және команда басшылары, ойыншылары жанкүйерлермен кездесу өткізді. Бас бапкер Дмитрий Огай жанкүйерлердің көкейіндегі сауалдарға жауап берді және болашақта олқылықтардың орнын толтырып, қателіктерді болдырмау жолдары талқыланды.

Клуб басшылығы алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсету мақсатында аянбай еңбек етуге тырысатындықтарын айтып, әрдайым жанашырлық танытып жүрген жанкүйерлерге алғыстарын білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2015 г. 653 0