« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарға қала, аудан әкімдері мен олардың қаржы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ, аумақтық департамент пен жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында департамент басшысы Мұрат Қарымсақов пен облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова шараның маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік сатып алу үдерісі кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігін ескертті.
Сондай-ақ, Мұрат Қарымсақов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық жалпы құқық бұзушылықпен бірге мемлекеттік билік пен қоғамға қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Департаментпен жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіліп, сатып алу бағаларын өсіру фактілері кездескендігі талқыланды.
Мысалы, 4 айда азық-түлік, жанар-жағармай, техникалар сатып алу кездерінде 16,2 миллион теңгеге өсіру фактілері кездескен. Ал соңғы мамыр айының өзінде «Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» (әрі қарай - басқарма) коммуналдық мемлекеттік мекемесімен барлығы 292,6 млн.теңгені құрайтын 7 лоттан тұратын «Әскери киім-кешек пен әскери аксессуарлар жиынтығын» сатып алуға қатысты конкурс жарияланып, 139,9 млн.теңгеге сатып алу бағасын өсіру фактісі анықталған.
Осыған байланысты басқармаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында ұсыныс жолданып, басқармамен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс рәсімдері тоқтатылды. Нәтижесінде 139,9 млн.теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |