« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Шара барысында балалар «кемемен» «теңіз аралдарына» саяхат жасады. Мереке барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «кеме капитаны» Азат Қарекеевпен «білім теңізінде» орналасқан оқушыларға жан-жақты қабілеттерін дамытатын 15 «аралға» саяхат жасап, балалардың шығармашылығымен танысты. Олар «Суретшілер аллеясы», «Көшбасшылар», «Happy English», «Саяхатшылар», «Дефиле», «Домбыра думан», «Сиқырлы шаршы», «Жасыл патруль», «Білім», «Жылдамдық», «Қолөнер», «Менің қиялымдағы қала», «Фотогалерея», «Робототехника» «аралдарына» саяхат жасап, білім деңгейлері сыналатын сайыстарға қатысты.
- «Барым - балам үшін» деген ұстаныммен, көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің болашағын баянды ету, перзенттеріміздің ертеңі үшін еңбек ету - бұл барша адамзатқа ортақ парасатты парыз деп білемін. Болашағымыз саналатын балаларымыз спортта да, өнерде де, өмірде де жақсы жетістіктерімен қуантып, аймағымыздың атын шығара берсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақта келешек ұрпақтың саналы азамат болып жетілуі үшін толымды тірліктер жасалып жатыр. Атап айтсақ, соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы 3,3 есеге өсті. Облыста балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтамасыз етіліп, бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. Жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының да саны артып келеді. Апатты жағдайдағы мектеп мәселесі 2 жылдың көлемінде шешіледі. Мұның барлығы балалардың заман талабына сай тәрбиемен қамтылып, білім алуы үшін жасалып жатқан жағдай.
Шара барысында балалар саяхаттаған әр «аралдың» өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. Бірінде балалар мәнерлеп өлең оқыса, енді бірінде ертегілер сахналанды. Спорттық сайыстар, ас мәзірін әзірлеу, сурет салу, қолөнер сайыстары балалардың қызығушылығын арттырды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |