« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
14 мемлекеттен қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалады. Соның ішінде қызылордалық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев намысты қолдан бермей, 68 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Ол серпе көтеруде 32 келі гір тасын 86 рет, жұлқа көтеруде 110 рет бағындырып, нәтижесінде 141,5 ұпай жинады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдесін (2013 ж. Ресей, 2014 ж. Германия), Еуропа чемпионатының күміс (2014 ж. Эстония) және Әлем кубогының қола жүлдесін (2014 ж. Америка) иеленген.
Сырдария ауданында шеберлігін шыңдап жүрген
Нұрсұлтан 8-13 маусым аралығында Петропавлда болатын Қазақстан
чемпионатына, одан кейін Болгарияда өтетін Еуропа чемпионатына
дайындалады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |