« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Оның мақсаты - жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Қызылордадан 5 команда 50 жасөспірім қатысты. Олар бес күн бойы өзара бәсекеге түсті.
Нәтижесінде 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында Жақас Қозбақ (Қызылорда қ.) алтыннан алқа тағынса, Айсұлтан Жәдігер (Қызылорда қ.) күміс жүлдені, Ридуан Айтын (ОҚО) қола жүлдені еншіледі.
Ал қыздар арасында Эдельлис Нармағанбет (Ақтөбе облысы) жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды Әдемі Аманкелді мен Қарақат Қойлыбаева (екеуі де ОҚО-дан) иеленді.
14 жасқа дейінгі ұлдар арасында өнер көрсеткен жамбылдық Данил Халиловтың мерейі үстем болды. Қызылордалық Елжас Сағынай күміс жүлдені жеңіп алса, жамбылдық Бехруз Турсунбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасында Қызылорданың намысын қорғаған Камила Мағауия жеңімпаз атанды. 2-орынды қызылордалық Ләйлә Айтбайқызы алса, 3-орын Әсел Дәуренбекқызына (ОҚО) бұйырды.
Жұптық кездесуде Жақас Қозбақ пен Эдельлис Нармағанбет бірінші орынды иеленсе, Әдемі Аманкелді мен Ақжан Өмір екінші орынды, Айсұлтан Жәдігер мен Диана Төлешова үшінші орынды еншіледі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |