Қ.Көшербаев бірқатар қызылордалық азаматқа Елбасының Алғыс хатын тапсырды

Қ.Көшербаев бірқатар қызылордалық азаматқа Елбасының Алғыс хатын тапсырды Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлау науқанында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық штабында еңбек еткен бірқатар азаматқа Мемлекет басшысының Алғыс хатын табыстады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Елбасының Алғыс хатын алғандардың қатарында еңбек ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері бар. 

- Еліміздің жарқын да жайдары болашағы үшін барын бағалай, өткенін саралай білетін халқымыздың шынайы тілегі әлемге жол тартты және Елбасының ел мүддесі жолындағы Ерен еңбегін әрқашан жоғары қоятын сырбойылықтар, Ұлы тұлғамен бірге екендіктерін осы саяси науқанда тағы да бір дәлелдеді. Сайлау қорытындысы көрсеткендей партияға деген сенімді арттыру бойынша жүйелі жұмыс нақты нәтижесін берді және алдағы кезеңде де қоғамды «Қазақстан - 2050» Стратегиясы арнасындағы халықтық 5 реформаны жүзеге асыруға жұмылдыру мақсатында бұл жұмыстар жалғастырылады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, облыс бойынша сенімді өкілдермен 6 мыңнан астам кездесу өткізіліп, 682 азамат қоғамдық қабылдауда болды.

Марапат иелері алдағы уақытта да мемлекетіміздің мүддесі жолында аянбай еңбек етіп, ел абыройын бірге асқақтата беретіндіктерін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 мамыр 2015 г. 769 0