Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облыстық филармониясының қолдауымен Инабат Біржанқызының еміне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Қайырымдылық концертке қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелер, кәсіпкерлер қатысып, қаланың шығармашыл жастары өз өнерлерін көрсетті.
Шара барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов және жеке кәсіпкер Нұрболат Балтабайұлы сөз алып, қатысушыларға аталмыш қайырымдылық шарасының мәні мен сауабын жеткізді.
Өз кезегінде қайырымдылық концертінен жиналған қаржы Инабат Біржанқызының туыстарына табысталып, бүлдіршіннің туыстары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.