Туған жер топырағы бұйырды

Туған жер топырағы бұйырдыАрада 70 жыл өткен соң, жат елде сүйегі жатқан қазалылық Нұраддин Бейсеновтің туған жерінен бір уыс топырақ бұйырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан кеңес сарбазының сүйегі Бельгияның Генк қаласындағы бейітте жерленген. Бұған дейін аталмыш бейітке бельгиялықтар күтім жасап келген екен.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, содан бері белгісіз жауынгерлердің қатарында саналып келген Нұраддин Бейсенов шайқас даласынан оралмаған. Жауынгердің тым болмаса топырағы туған жерге бұйырғаны қуанышты. Шын мәнінде, кіндік қаны тамған атамекен топырағымен қайта табысқанша ұрпағына мойын созған, мекені белгісіз боздақтар қаншама.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 мамыр 2015 г. 738 0