Сыр елінде Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті

Сыр елінде Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті18-мамыр күні Қызылордада қасиетті Сыр топырағында туып, өнерімен Қазақстанды ғана емес алыс жақын шетелді мойындатқан хас талант, танымал әнші, дарынды композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Дәл осы күні Батырхан тірі болғанда 53-жасқа толар еді.

Орталық алаңда өткен шараға оның тыңдармандары мен өмірдегі және өнердегі достары, бауырлары, анасы қатысты. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, талантты әншіні еске алды.
- Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы Батырхан Шүкеновтің қазасы барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Батырханды үлкен де кіші де қадір тұтты, жас та жасамыс та әндерін жатқа айтты. Ол елден жырақта жүрсе де әрқашан өз Отанының нағыз патриоты болды. Батыр xалықаралық ЮНИСЕФ балалардың құқығын қорғау қорында да өзінің азаматтығын көрсете алды. Соңында өшпес із қалдырған Батырxан Шүкеновті xалқы ұмыт қалдырған жоқ. Еліміздің барлық аймақтарында еске алу шаралары ұйымдастырылып, әндері шырқалуда. Шүкеновтің шығармаларына сусындап өскен мыңдаған адам әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Батыр бауырымыздың есімі қазақ өнерінің тариxында алтын әріптермен мәңгі жазылып қала бермек,- деді облыс әкімі.
Еске алу рәсімінде марқұмның белгілі әндері шырқалды. Батырхан Шүкеновтың достары ол туралы жылы естеліктер айтты. Талантты әншінің өмірі мен өнеріне арналған «Сағым дүние» деректі фильм көрсетіліп, өмірінің соңғы уақытында қатысқан Ресей телеарналарындағы «Один в один» жобасынан үзінділер көрсетілді. Қазақтың сүйікті де тума талантты әнші ұлын еске алуға жиналғандар оның әндерін шырқап, әуеге шар ұшырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 мамыр 2015 г. 678 0