« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жиынды
ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев Дүниежүзілік банк сарапшыларының
болжамдары бойынша 2015 жылы әлемдегі «қара алтынның» бағасы құлдырап,
ал келесі жылы шағын мөлшерде ғана артады деп мәлімдеді. Аймақ
экономикасының негізгі тірегі саналатын бұл саланың тұрақты жұмыс істеп
тұруына мүдделіміз. Алайда, жер қойнауын пайдаланушы бірқатар
компаниялар мұнайды осы өңірден өндіріп, салығын басқа аймаққа төлейді.
Өйткені олар өзге облыстарға тіркелген.
«Қызылорда облысында осы
салада жұмыс істейтін 3 мыңнан астам еншілес компаниялардың тек жартысы
ғана осы жерде тіркелген. Біз бұған жол бере алмаймыз. Сыр елінің нанын
жеп отырған мұнайшылар салықты да осы жерге төлеуі тиіс. Жылдың соңына
дейін барлық мұнай компаниялары Қызылорданың салық департаментіне
тіркелсін»,- деген талап қойды облыс әкімі.
Сонымен қатар, мұнай өндіруші компаниялар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осы уақытқа дейін олардың қолдауымен Қызылордада мұз айдыны, «Шұғыла» демалыс саябағы, жағалаудағы демалыс аймағы, әлеуметтік саябақ, Қамыстыбас көлінде балаларды оқыту-сауықтыру орталығы сияқты жобалар жүзеге асырылды. Салынып жатқан ипподром мен балалар ауылына да әлеуметтік қолдау көрсетпек. Одан бөлек, келесі жылы 150 орындық перзентхана мен емхана салу жоспарлануда. Ал ресейлік «Лукойл Оверсиз» компаниясы жыл сайын ауыл тұрғындарына «Ақниет» бағдарламасының аясында қайтарымсыз грант бөліп келеді.
Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі - дизель отыны мен авиакеросин тапшылығы. Осыған орай «Қызылорда мұнай қайта өңдеу зауыты» ЖШС директоры Бауыржан Ысқақов аз тонналық мұнайдан моторлы отын және бензин шығаратын зауыт құрылысының жобасын таныстырып, оны Жосалы кентіндегі мұнай құятын терминал жанынан салуды ұсынды. Зауытта Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының мұнайы қайта өңделген жағдайда өнім құнын еселеп арттыруға және Қазақстанды жергілікті жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Облыс әкімі мұнай өндіруші компаниялардың
басшыларына жобаны талқылап, оны бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін
қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, аймақ басшысы кен орындарын игеруді
тездетіп, өндірісте инновациялық әдістерді қолдану арқылы мұнай өндіру
жоспарын жүз пайызға орындауды тапсырды. Одан бөлек, облыс әкімі
жергілікті мердігерлерді мүмкіндігінше жұмысқа тартуды және үкімет
тапсырысы бойынша өнеркәсіп бюджетін 10 пайыздан астам мөлшерде
азайтпауды талап етті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |