« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Дәулет Ниязбеков 1989 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 10 жасынан күреспен айналысқан ол Қазақстан Республикасының ересектер арасында 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері. Оның бүгінгі алған жүлдесі - қоржынындағы алғашқы алтыны. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Дәулетті жеңісімен құттықтап, бұл үлкен жеңістердің бастамасы болсын деп тілегін айтты.
- Биыл спортшыларымыз әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізуде. Соның бір дәлелі - Дәулеттің жеңісі. Сыр жұртшылығы атынан Дәулет інімізді жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде Тәуелсіз еліміздің көк Туын биікке желбірете беруін тілеймін. Ал біз өз тарапымыздан барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуге дайынбыз, - деген аймақ басшысы палуанға қаржылай сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде Азия чемпионы Д.Ниязбеков көорсетіліп отырған құрметке алғысын білдіріп, алдағы бәсекелерде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін аямайтындығын жеткізді.
Сыр спортшыларының мұндай биік белестерден көрінуі спортқа деген қолдаудың артып отырғандығының дәлелі. Қазірде аймақ халқының 24,5 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |