Шалғайдағы ауылда «Тағзым алаңы» ашылды

Шалғайдағы ауылда «Тағзым алаңы» ашылдыБүгін Қазалы ауданында шалғай елді мекендегі Сарыбұлақ ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай салтанатты түрде «Тағзым алаңы» ашылды.


Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Махашов жиылғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, еңбек майданында маңдай терін төккен ардагерлерге лебізін жеткізе отырып, бір топ тыл ардагерінің кеудесіне мерекелік медаль тақты.

Ауыл әкімі Дуланбек Қалибеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап және Ұлы Отан соғысына қатысқан Дәріқожаев Махамбетқайырдың ұрпағы Марат Дәріқожаев әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті.

Одан әрі жастар тұрғындарға мерекелік бағдарламасын тарту етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2015 г. 764 0