Шиелі. Аудан әкiмдігінде "Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары және байқаушының жадынамасы» тақырыбында семинар-кеңес болып өттi. Кеңеске бөлiм басшылары, ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiм басшылары қатысты.
Семинарда ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң басшысы, Тәртiптiк Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев хабарлама жасады. Хабарлама жасау барысында слайдтар арқылы әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне тұруға үмiткерлердiң қандай этаптардан өту керектiгi көрсетiлiп отырды.