Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі орай Қызылорда облысы білім басқармасының кубогы үшін мектеп оқушылары жеңіл атлетикалық эстафетадан және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысты.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 500-ден аса оқушы қатысты. 7 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден №198 мектептің командасы алдарына жан салмаса, жүлделі екінші, үшінші орындарды №39, №173 мектеп ұжымдары иеленді.
Ал әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша №136 мектеп командасы жеңімпаз атанды. №257 мектеп екінші, №222 мектеп үздік үштікті қорытындылады. Айта кетейік, марапаттау рәсіме Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жұмабек Рысбаев, Айдар Жолбаев, ардагер ұстаз Ш.Байділдаев пен спорт ардагері Ю.Ф.Ким қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.