Жеңістің 70 жылдығына орай 70 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданды

Жеңістің 70 жылдығына орай 70 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылдандыБүгін Арал аудандық "Жас Ұлан" ұйымының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Қаһарман ұрпаққа тағзым" атты салтанатты жиыны болып өтті.


Жеңіс құрметіне өткізілген шара барысында 70 оқушы "Жас Ұлан" ұйымына қабылдана отырып, «Жас Ұлан» ұйымының ережесін бұлжытпай орындауға ант қабылдады. Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға ерлігімен елге танылған ардагерлер қатысып, "Жас Ұлан" қатарына қабылданған оқушыларға галстук тағып, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Сондай-ақ, салтанатты жиында көрермен қауым жас ұландықтардың Жеңістің 70 жылдығына арнайы көрмесін тамашалады. Жиын соңы аудандық оқушылар үйі өнерпаздарының концертіне жалғасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 мамыр 2015 г. 761 0