Облыстық «Қызылорда ньюс» интернет газетіне – 4 жыл!

Облыстық «Қызылорда ньюс» интернет газетіне – 4 жыл!Осыдан тура төрт жыл бұрын Қызылордада «Қызылорда ньюс» интернет-газеті оқырманға жол тартқан болатын. Содан бері аймағымызда алғаш орнықты жұмыс істеген сайт бүгінде ақпарат айдынында өзіндік орнын тапты. Интернет-газет бүгінде Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі туралы ақпараттарды жедел, әрі дәйекті түрде екі тілде таратып, қалың көпшілікті құлақтандырып келеді. 

Бүгінде аяғына нық тұрған Қызылорда облысының ресми интернет ресурсы аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдық салаларында болып жатқан сүбелі жетістіктерін ақпараттандырып, ортақ іске өз үлесін қосуда.
Қазіргі технологияның қарыштап дамыған заманында ақпарат таратуда бәсекелестікті, өз стилін қалыптастырып үлгерді. Аз ғана уақыт аралығында интернет сайт алдыңғы қатардағы бұқаралық ақпарат құралдарының біріне айналды. Сондықтан да болар, қалың оқырманы күн өткен сайын көбеймесе, азаймады.
Редакция ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілеп, оқырмандарға ой салар мақалалар көп болсын, қаламдарыңыз мұқалмасын дегіміз келеді.
Шынар БЕКБАН
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2015 г. 859 0