Мөлдір Жаңбырбай Тбилисиде өткен каратэ-до шотоканнан Әлем чемпионы атанды

Мөлдір Жаңбырбай Тбилисиде өткен каратэ-до шотоканнан Әлем чемпионы атанды Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до шотоканнан өткен Әлем чемпионатында қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай жеңіс тұғырына көтерілді.


Әлемнің 25 елінен 1260 спортшы келген бұл дүбірлі додада Мөлдір 16-17 жас аралығында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, Әлем чемпионы атанды,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, финалда Грузия елінің спортшысын 7:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, командалық кумитэде бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Мөлдірден басқа маңғыстаулықтар Динара Төрткүлбаева, Рыскүл Жиенбаева және жамбылдық Әйгерім Тұрсынбековалар өнер көрсетті.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Рүстем Әбжәмиевтен тәлім алатын М.Жаңбырбай үстіміздегі жылғы 20-22 мамыр аралығында Қарағанды қаласында болатын ҚР IV Спартакиадасына қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2015 г. 746 0