Шағын арал мемлекет Фейсбуктен неге бас тартты?

Шағын арал мемлекет Фейсбуктен неге бас тартты?ҚазАқпарат - Науру арал мемлекетінің билігі елде «Фейсбук» әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салды, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, әлеуметтік желіге елдегі билеуші партия депутаттары тыйым салған. Жергілікті тұрғындар «Фейсбук» желісіне кіру мүмкін еместігін растады.

Науру үкіметі мұндай әрекетке ел тұрғындарын арсыздықтан қорғау үшін барып отырғанын айтты. Алайда, оппозиция мұны саяси цензура деп бағалады.

Науру арал мемлекет. Көлемі шамамен 20 шаршы шақырымды. Мемлекет тұрғындарының саны он мың адам.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2015 г. 625 0