Сіздердің сенімдеріңіз маған үнемі қанат бітіріп, күш беретін. Сондықтан, қазір бар жауапкершілікпен алдағы уақытта да халқыма бұрынғыдай адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деп сөз беремін. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында Ант бере отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды
BNews.kz тілшісі.
«Қазақстандықтар осы бірлігімен небір қиын жолдардан өтті. Тәуелсіздік алып, мемлекет құрдық, әлемге жаңа Қазақстанды таныттық, өзімізді ұлы ұлт ретінде таныттық. Сіздердің сенімдеріңіз маған үнемі қанат бітіріп, күш беретін. Сондықтан, қазір бар жауапкершілікпен алдағы уақытта халқыма бұрынғыдай адал қызмет етіп, елім мен ұлттық мүддемізді қорғаймын деп сөз беремін. 2015 жылдың 26 сәуіріндегі сайлау – Қазақстан халқы болашаққа үлкен сеніммен қарайтынын дәлелдеді. Біздің Отанымыз бір, біз бір отбасымыз. Әрбір қазақстандықтың тағдыры – Отанымыздың тағдыры», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.