Батырхан Шүкенов Алматыда жерленеді

Батырхан Шүкенов Алматыда жерленеді52 жасында көз жұмған Батырхан Шүкенов Алматыда жерленеді. Бұл туралы әншінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Қоштасу рәсімі қашан өтетіні кейінірек хабарланады.
Б.Шөкеновтың қазасы туралы «А-Студио» тобының әншісі Кети Топурия айтты. Алдын-ала мәлімет бойынша, өнерпаз жүрек талмасынан қайтыс болған. К.Топурия өзінің парақшасында әншінің суреті мен «R.I.P» (restinpeace - жаның жәннатта болсын) сөзімен қосып жариялады.
Instagram әлеуметтік желісінде әншінің қазасына қайғырып көңіл айтушыларға арналған парақша ашылды. Онда әншінің әріптестері, достары, тыңдарман қауым өз көңілдерін білдіруде.
«Менің сөзім жоқ. Өте талантты, ақылды, мейірімді, білімді, сондай нұрлы адам арамыздан кете барды. Тым ерте. Жаның жәннаттта болсын, Батыр. Бұған сену мүмкін емес!», - деді әнші Полина Гагарина.
Батырдың суретін Ресейдің жұлдыздары Алсу, Филипп Киркоров та жариялады.
«Неге арамыздан ең жақсылар кетіп жатыр? Батыр, сен әрқашан жүрегіміздесің, RIP», - деді Алсу.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген.
 
ҚазАқпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2015 г. 926 0