Әнші Батырхан Шүкенов 52 жасында қайтыс болды

Әнші Батырхан Шүкенов 52 жасында қайтыс болдыРесей ақпарат құралдарының хабарлауынша, әнші жүрек талмасынан қайтыс болған.

Әлеуметтік желілерде осыған байланысты Кети Топурия және басқа да өнерпаздар көңіл айтуда.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада туған. Өнердегі жолын белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы құрылған «А'Студио» тобының әншісі болып, «Джулия» деп аталатын хит әні танымал болады. Батырхан Шүкенов «А'Студио» тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер жолын бастайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2015 г. 826 0