«Сыр медиада» өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Сыр медиада» өрт-тактикалық оқу-жаттығу өттіСәуірдің 27 күні Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық өртке қарсы бөлімшелері ай сайынғы өрт-тактикалық жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Жаттығу базасына «Сыр медиа» ЖШС-нің баспаханасы таңдалды. Шартты түрде ұйымдастырылған апатты жағдай бойынша нысандағы қоймалардың бірінен өрт пайда болады. Кезекті нысанда ұйымдастырылған оқу-жаттығу шарасына өрт сөндірушілерден бөлек апаттық медицина орталығының және жол-патрульдік полиция қызметкерлері, Оңтүстік өңірлік аэромоюильді жедел құтқару жасағы жұмылдырылып, шыққан жалынды ауыздықтауға барлығы 35 адам, 8 бірлік негізгі және арнайы техника тартылған.
Оқыту барысында оқиға болған жерде өртті сөндіру жұмыстары мен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірудегі бірлескен қимылдарды пысықтады. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаттығу жұмыстары сәтті өтті. Барлық сарбаздар алдыларына қойылған тапсырмаларын толық, мүлтіксіз орындап, жоғары баға алды.
Акнұр ЖАҒЫПАРОВА
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2015 г. 689 0