Қызылордада «Бизнес-Кеңесші» жобасы жүзеге асырылуда

Қызылордада «Бизнес-Кеңесші» жобасы жүзеге асырылуда Қызылордалық кәсіпкерлер мен өз кәсібін ашуға талпынып жүрген азаматтар «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында арнайы курстардан өтуде.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында азаматтардың жеке бизнесін ашуға немесе құрылған компанияның жұмысын оңтайландыруға көмек көрсететін қысқа мерзімді оқу өткізіледі. Оқу барысында қатысушылар жеке бизнесін ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді меңгере алады.
Оқу кәсіби лектор-тренерлермен Қызылорда қаласы мен 7 ауданда өткізілуде. Семинардың ұзақтығы 2 күн және ең маңыздысы – тегін өткізіледі. Семинар қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылады.
 Ерекше атап өткен жөн, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу үшін  азаматтарда «Бизнес-Кеңесші» жобасының сертификаты болуы шарт.
 Жобаға қатысты Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Еркін Байсалбаев: «Қатысушыларды қызықтыратын сауалдардың басым бөлігі: мемлекеттік қолдау шаралары, несиені жеңілдікпен алу тетіктері, салықтық режимдер т.б. Оқыту жұмыстары қалада ғана емес аудандарда да жүргізіледі. Біз, бизнес-тренерлер әр ауданда болып, қатысуға ниет білдірген азаматтарды оқытатын боламыз», - деді.   
Жалпы жыл басынан жобаға қатысуға 800-ге жуық қызылордалық ниет білдірген болатын. 1 сәуірден бастап 5 топ немесе 100 адам оқыды. Кәсіпкерлердің сұранысы бойынша әлі де 650 адамды оқыту жоспарлануда.  Жобаға қатысушылардың бірі Ботагөз Жорабек: «Кәсібімізді ашып, жүргізу барысында жол көрсететін осындай семинар өткізіп бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе, бизнес-тренерлердің еңбегіне ерекше тоқталғым келеді. Олардың кәсіби біліктілігінің арқасында экспресс-семинар аясында алынған ақпараттардың барлығы жеңіл, түсінікті жеткізілді. Шара барысында біз барлық сұрақтарымызға толыққанды жауап ала алдық. Енді өз ісімізді сенімді түрде бастауға болады», - деп семинардан алған әсерімен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2015 г. 730 0