Қызылордада «Тарих таңдаған, халық қолдаған" жеңімпаздар форумы өтті

Қызылордада «Тарих таңдаған, халық  қолдаған" жеңімпаздар форумы өтті Бүгін Қызылордада Елбасының сенімді өкілдері, Сыр жастары бас қосқан «Тарих таңдаған, халық қолдаған» жеңімпаздар форумы өтті. Жиналған 2 мың адам президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа осылайша қошемет көрсетті. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр елі халқына саяси науқанда танытқан белсенділіктері үшін алғысын айтып, кешегі сайлаудағы Елбасы жеңісі баршаға ортақ қуаныш екендігін атап өтті.

«Сын сәтте сыр бермеген Сыр жұртшылығын ортақ жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырып, оны өткізуге ат салысқан барлық азаматтарға, әсіресе жастарға, әрбір жерлеске Елбасының атынан ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Сіздер қосқан үн Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары болып жаңғыратынына кәміл сенеміз. Өйткені президенттік сайлау арқылы халқымыз бүгінін байыптайтын, болашағын бекемдейтін саналы таңдау жасады. Бұл жарқын жеңісіміз көшіміздің түзу, көкжиегіміздің шуақты, бағытымыздың дұрыс екендігін тағы да айғақтай түседі», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
 Қызылордада «Тарих таңдаған, халық  қолдаған" жеңімпаздар форумы өтті Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97.5 пайызы сенім білдірген. Сырбойылықтар да саяси науқанда белсенділік танытып, халықтың 97,52 пайызы дауыс берді. Сондай-ақ, бүгінгі жеңімпаздар форумында аймақтың өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері мен Сыр жастары жалынды сөздерін айтып, қуаныштарымен бөлісті.

 Айта кетейік,  кеше түнде сайлау қорытындысын естіген Сыр елі жастары автошеру ұйымдастырды. Сондай-ақ тарихи сәттің тағы бір қуанышы ретінде «Домбыра думан» өткізілді. Өнерлі өрендер түрлі әндер шырқап, домбыраның күмбірлеген дауысымен айналаны әсем әуенге бөледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2015 г. 723 0