Сербияның Белград қаласында 20 елдің спортшылары қатысқан халықаралық турнирде жерлесіміз Рустам Сваев 75 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, турнирдің «Үздік боксшысы» атанды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Жарыс барысында ол Шотландия, Норвегия және Сербия елдерінің спортшыларымен сынға түсіп, барлығын айқын басымдықпен жеңіп, ел намысын жоғары деңгейде қорғады. Қазақстаннан 6 спортшы қатысып, 4 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қалған орындарды Сербия және Молдова елдерінің спортшылары еншіледі.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Рустамды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев дайындады.
Рустам енді үстіміздегі жылдың мамыр айында Талдықорған қаласында болатын Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасына қатысады.