Жас аналар мен емделушілер өз таңдауларын жасап жатыр

Жас аналар мен емделушілер өз таңдауларын жасап жатырБүгін Қызылорда қаласындағы №214 сайлау учаскесіндегі Әйелдер консультациясы бар Қызылорда қалалық перинаталды орталығындағы аналар өз сәбилерінің жарқын келешегі үшін таңдауларын жасады.

Осынау шараның маңыздылығын назарға алған аналар ел болашағы өскелең ұрпағы үшін өз таңдауларын жасай отырып, өзге де аналарды сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Аталмыш орталықта 151 ана өз таңдауларын жасайтын болады.
 Сондай-ақ, облыстық медицина орталығының емделушілері де саяси науқанда белсенділік танытуда. Қызылорда қаласындағы №210 сайлау учаскесі облыстық медицина орталығында орналасқан. Онда барлығы 597 сайлаушылар тіркелген. Облыстық медицина орталығының емделушілері де ҚР Президентіне кезектен тыс сайлауына дауыс беруді әр азаматтың парызы деп санайды. Олар өз таңдауларын жасап дауыс беруде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2015 г. 639 0