Сайлау әділ, әрі ашық және талапқа сай өтіп жатыр

Сайлау әділ, әрі ашық және талапқа сай өтіп жатырРесейден келген байқаушы Константин Затулин Байқоңыр қаласындағы сайлау учаскелерін аралап, сайлау барысын бақылады.


Ол сайлау әділ әрі ащық талапқа сәйкес өтіп жатқанын, заң бұзушылықтар тіркелмегендігін айтты. Сонымен қатар сайлаушылардың белсенділігіне қызығушылығын танытты. Сайлау әділ әрі ашық және талапқа сәйкес өтіп жатқанын жеткізіп, заң бұзушылықтар тіркелмегендігін мәлім етті, деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.

Байқоңыр қаласында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауға барлығы 11 сайлау учаскесі бар. Онда 25 053 сайлаушы тіркелген.

Байқоңыр қаласындағы №127 сайлау учаскесінде жуырда 18 жасқа толған жас сайлаушы Ақтолқын Мұратова бірінші рет өз таңдауын жасаса, 80 жастағы кейуана Рысай Наурызбаева ауа райының қолайсыздығына қарамастан өзі келіп дауыс берді. Екі сайлаушыға сый-сияпат жасалды.

Жалпы сайлауға келушілер көтеріңкі көңілмен келіп, өз азаматтық борыштарын орындауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2015 г. 681 0