390 әскери бөлім қызметкері бір сәтте дауыс беріп, белсенділік танытты

390 әскери бөлім қызметкері бір сәтте дауыс беріп, белсенділік таныттыБүгін Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округіндегі № 266 сайлау учаскесіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы оңтүстік өңірлік қолбасшылығының № 5547 әскери бөлімінің қызметшілері ел ертеңі үшін жасалғалы жатқан таңдауда белсенділік танытты.


Отан қорғаушылар аталған сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Әскери бөлімнің қызметшілері сайлау учаскесі ашылған сәттен-ақ сайлаушы ретінде белсенділік танытып, өзге де сайлаушыларды өз таңдауларын жасауға шақырды.

Аталмыш бөлімде 390 әскери қызметші өз борышын өтеп жатыр, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2015 г. 662 0