«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын боладыКөпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың 25 сәуірінен бастап Астана-Қызылорда бағытындағы №89/90 «Тұлпар-Тальго» пойызы екінші құрамының сапарға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Бұрын төрт күнде бір-ақ рет жүретін пойыз бұдан былай күнара қатынайтын болады. Жолда ол Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан бекеттеріне аялдайды. Қызылордаға дейін 22 сағат 25 минутта жетсе, қайтар жолға 23 сағат 22 минут кетеді. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның 2 вагоны «Гранд», 2-уі - «Бизнес», 14-і -«Турист» санаттарына бөлінген. Сондай-ақ 2 вагон-мейрамхана мен 3 техникалық вагон бар.
Бұл бағыт еліміздің бес бірдей облысының үстімен өтеді. «Тұлпар-Тальго» пойыздарына мінген жолаушылар тек уақыттан ұтып кана қоймай, билетін ертерек сатып алса, ақшасын да үнемдейді.
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының бәріне тарифті басқарудың икемді бағдарламасы енгізілген. Бұл билеттің бағасы сатып алу мерзімінің ұзақтығы мен оған деген сұранысқа (пойыздың қаншалықты толуына) қарай өзгеріп отырады деген сөз. Мәселен, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттің базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады. Пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасы да өсе түседі.
Бұдан бөлек, әрбір санаттағы жолаушылар үшін жеңілдіктері бар келесі дисконттық карталар қарастырылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2015 г. 714 0