Әлемдегі ең ірі видеохостинг YouTube 10 жылдығын атап өтпек. Аталған әлеуметтік желіге ең алғаш 2005 жылы сәуір айында сайтты құрушылардың бірі хайуанаттар паркіне барғандағы видеосын орналастырған, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Сайтты Google компаниясы сатып алғаннан кейін құрастырушылар мультимиллионер атанды. Қазір әр минут сайын Интернет қолданушылар өз видеоларын енгізеді. Сайтты күніне бірнеше млрд.-тан астам адам тамашалайды.
YouTube арналарының көрермені кейбір ең ірі телеарна аудиториясынан да асып кетеді.
«ВВС» агенттігінің айтуынша, соңғы уақытта, Facebook және VK әлеуметтік желілері де видое орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, YouTube-тың бәсекелесіне айналды.