«Арай» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын үй кешені бой
көтермек. Бұл туралы сәулет-қала құрылысы
кеңесінде мәлім болды. Кеңес отырысында «Жету» ЖК мердігер мекеме иесі Әлайдар Сыздықов тұрғын үй
кешені жобасымен таныстырды.
Арай мөлтек ауданы Әбдімомынов көшесінен
салынуы жоспарланған бұл кешенде 3 қабатты 12 және 18 пәтерлік 2 үй, 2 қабатты
танхаус болады. Сондай-ақ, коттедж үйлер де бой көтермек. Балаларға арналған
ойын, спорт алаңдары да қарастырылған. Мердігер жобаны өз қаражаты есебінен
жүзеге асырмақшы. Құрылыс жұмысы толығымен 2016 жылы аяқталатын болады.
Кеңес
отырысында тұрғын үй кешенінің эскиздік жобасы
мақұлданды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтауды
тапсырды. Салынатын құрылыс нысандарының барлығы техникалық
талапқа сай және қаланың сәулетіне кері әсерін тигізбеу керектігін ескертті.