Сот ұжымы тоқсаннан асқан қарт майдангерге сый-сияпат көрсетті

Сот ұжымы тоқсаннан асқан қарт майдангерге сый-сияпат көрсеттіҰлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі жақындап келеді. Осы қастерлі мереке қарсаңында Арал аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанның төріне шыққан Өтемұрат Айназаров ақсақалдың отбасына барып, келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, иығына шапан жауып, сый-сияпат табыстап, құрмет көрсетті, - деп хабарлады Арал аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Жеңісті жақындатуға атсалысқан қарт майдангер Өтемұрат ата сот ұжымына ризашылығын білдіріп, атқарып жатқан қызметтеріне үлкен абырой мен табыс тіледі. Елдің бірлігі мен амандығын, Қазақстан халқына бейбіт өмір тілеп, ақ батасын берді. 

Мамыражай мамырдың басындағы Жеңіс күні біздің елдегі әр отбасында атап өтіледі. Сол соғыстан жеңіспен оралған бүгінде көзі тірі сарбаздарға құрмет көрсетілу - кейінгі ұрпаққа парыз, үлгі-өнеге. Сот ұжымы осындай игілікті істерді қолға алуды дәстүрге айналдырған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2015 г. 752 0