Сайлауға 5 күн қалды

Сайлауға 5 күн қалдыӘркімнің дауысы маңызды! Қызылордалық кәсіпкерлер маңызды саяси оқиғаға қанша күн қалғанын тұрғындардың есіне салуда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдаушылардың бірі – «Аль-Асад» дүкендер желісі. Сауда орталығында 15000-нан астам өнім түрлері халыққа ұсынылады. Барша қазақстандықтар үшін маңызды шарада аль-асадтықтар отандық өнімдерге «Әркімнің дауысы маңызды!» атты стикерлерді жапсыру арқылы тұтынушыларын сайлауға қатысуға шақыруда. 
Бұл жөнінде «Ал-Асад» дүкендер желісінің маркетологы Алтынбек Мәуленов «Біздің супермаркеттер желісі тауарлардың кең түрін ұсыну арқылы қазіргі заман тұтынушыларының сұраныстарына сай қызмет көрсетуде. «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясы басталғалы біз қазақстандық тауарларға арнайы стикерлерді жапсыру арқылы тұтынушыларды маңызды шараға шақыруға атсалысудамыз», - деді. 
Аталмыш дүкеннің тұтынушыларының бірі Сәрсенкұл Құрманбаева «Мен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды осы жерден сатып аламын. Мына тауарлардағы стикерлер мен арнайы күнтізбелер сайлауға қанша күн қалғандығын еске салып отыруымен маған қатты ұнады. Сондықтан барша жерлестерімді сайлау күні дауыс беруге шақырамын», - деп өз ойымен бөлісті.
Айта кету керек, арнайы стикерлер облыстағы 20-дан астам ірі тауарөндірушілер мен сауда орталықтарының тауарларында жапсырылса, 400-ге жуық кәсіпкерлік нысандарында арнайы күнтізбелер ілінген. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2015 г. 927 0