Арал ауданында "Парктер шеруі" өтті

Арал ауданында "Парктер шеруі" өттіАрал ауданындағы көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығын өткізу жұмыстары күннен-күнге өріс алып, ауқымы кеңеюде. Бұл тұрғыда жергілікті тұрғындар мен мекеме қызметкерлерінің, аудан жастарының белсенділігі артып келеді.

Мемлекеттік мекеме басшылары да өзгелерге үлгі болып, «Парктер шеруі - 2015» акциясы аясында Ә.Нұрпейісовтің әдебиет үйі ауласына жастармен бірлесе 100 түп ағаш отырғызды.
Сенбілікке жиналғандар қаланың кіре беріс беткейін де назардан тыс қалдырмады. Көше бойындағы күл-қоқыстарды жинап, қолға күрек алып, жерге тал екті. Ауданыдағы 3-ші сенбілікте 5 мөлтек ауданнан және кент ауылдық округтер, елді мекендерден мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлік нысандарынан барлығы 2000-ға жуық адам қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2015 г. 811 0