Қызылордада кәсіпкерге салынған 750 000 теңге айыппұлдың күші жойылды

Қызылордада кәсіпкерге салынған 750 000 теңге айыппұлдың күші жойылдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкер Б. Смағамбетованың мәселесін оң шешіп берді. 

Атап айтқанда, «Энергосервис» ЕЖШС-нің ревизиалық комиссиясы кәсіпкер Б. Смағамбетованың «Несібе-2» дүкенінің  электр қондырғыларын тексерген.
Тексеру барысында, «Энергосервис» ЕЖШС-ң мамандары кәсіпкердің сауда орында орналасқан электр қондырғыларына қосылмаған электрлік сымдар анықтап, электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы акті толтырыған және актіге сәйкес 750 000 теңге айыппұл салған.
Осы ретте, Б. Самағамбетова Кәсіпкерлер палатасына келіп, құқығын қорғауды сұраған болатын. Мәселені зерттеу барысында қосымша электрлік желіге тоқ келмейтіндігі анықталды. Бұл жайтқа қатысты сараптама жасаған «Қазэнергосараптама» ЖШС-і де желінің қолданылмағандығын растады.
Нәтижесінде «Энергосервис» ЕЖШС қызметкерлері 750 000 теңге айыппұл салуды көздейтін актінің күшін жойып, кәсіпкер қаржылық шығынға ұшыраған жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2015 г. 705 0