Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап тапты

Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап таптыШвейцария астанасы Женева қаласында Халықаралық инновация көрмесі осымен 43 мәрте өткізіліп отыр. Айтулы көрмеге әлемнің 48 мемлекетінен 750-ден астам өнертапқыштары қатысып, өз туындыларын паш етуде, деп хабарлайды BNews.kz.

Женева Халықаралық көрмесі жыл сайын ұйымдастырылып тұратын ірі өнертапқыштар жәрмеңкесі десек те болады. Бұл көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнертапқыштар техниканың адамзат игілігіне қызмет етуін түрлі жолдармен оңайлата түскен туындыларын ұсынады, деп ақпарат таратты muslim.kz.

Биылғы жылғы көрменің басты жаңалықтарының бірі – Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны Ахмед Маджанның жасап шығарған ерекше ертоқымы болды. Жаңа заманға лайықталып жасалған ерекше ертоқым гироскоп, компас, GPS бағыттаушы және салқындату жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, тұлпар қожайыны қолындағы тетікті басу арқылы атының тұрған жері мен шабандоздың жылдамдығы жайлы да ақпарат ала алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2015 г. 848 0