Аудан әкімінің өкімімен жарияланған тазалық айлығының аясында бүгін Қазалыда ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты. Көгалдандыру ісіне білім ордаларының ұстаздары, балабақша қызметкерлері, студент жастар, теміржол саласының мамандары, дербес бөлім қызметкерлері, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер бел шеше кірісті.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары С.Мақашов пен Әйтеке би кентінің әкімі С.Аманов та кенттің таза болуына үлес қосуда белсенділік танытты.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөзді берік ұстанып, көктемгі тал егу акциясына жұмыла қатысқан азаматтардың белсенді әрекетінің арқасында көше бойларына, «Жалаңтөс батыр» және «Жеңіс» саябағына түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Жалпы, бұл жолы аудан орталығына 2500 түп тал егілді.