ИТ-гигант Google жоғалған немесе ұрланған смартфондарды іздестіру қызметін іске қосатынын мәлім етті, деп жазады шетелдік БАҚ.
Оларды Google Chrome браузерінің көмегімен табуға болады.
Смартфонды табу үшін Google-ге "find my phone" сұрауын салсаңыз болғаны, оның иесі екеніңізді нақтылаған соң картада оның болуы мүмкін жері көрсетіледі.
Смартфонның қайда жерде екенін дәл анықтау үшін дыбыстық белгі беру қызметі қосылады, ол бес минут бойы үздіксіз белгі беріп тұрады.
Сондай-ақ смартонды қашықтықтан бұғаттауға немесе ондағы мәліметтерді жойып жіберуге болады.
Бұл функция тек Android мобильді операциялық жүйесінде, сондай-ақ ОС Android Wear сағаттарына арналған жүйеде жұмыс жасайды.