Қазалы коледжінде "Инфинити" өседі

Қазалы коледжінде "Инфинити" өседіҚазалы көлік-техникалық колледжінің алаңынан колледж қызметкерлерінің күшімен жылыжай ашылды. Қазіргі таңда онда 450 түп «Инфинити», «Барбина», «Директор» деп аталатын қияр тұқымының 3 түрі себіліп, олар әжептәуір бой көрсетіп қалған.

Сондай-ақ, Чехиядан әкелінген гүлдің де бірнеше түрі егілуде. Осы арқылы ауданды гүлмен толық қамтамыз ету жоспарланып отыр. Жылыжайға колледждегі биология пәні үйірмесінің студенттері келіп, практикалық жұмыстарын жүргізуде.
Колледж директоры Б.Ахметовтің айтуынша, 300 кв м аумақты алып жатқан жылыжайды қызметкерлер колледж шеберханасы арқылы тапқан қаржыларына салып, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта олар жергілікті халықты таза сапалы өнімдермен қамтамасыз ете отырып, кіріс қаржысын оқу ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсамақ.
Оқу орнының қызметкерлері алдағы уақытта жылыжай өндірісін үлкен қарқынмен дамытуды көздеуде.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2015 г. 790 0