Қызылордалықтар сайлауға белсенді әзірленуде

Қызылордалықтар сайлауға белсенді әзірленудеҚызылордалық кәсіпкерлер «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын қолдау шараларын жалғастыруда. Солардың бірі Арал ауданындағы «Аралтұз» АҚ мен Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ. Аталмыш кәсіпорындар өздерін Қазақстанда ғана емес өзге де шет елдерде сапалы өнім өндіруші мекеме ретінде таныта алғандар.

«Тұз өндіруде 90 жылдық тарихы бар «Аралтұз» бүгінде Орталық Азиямен бірге ТМД елдерінің нарығына да сапалы өнімдерді экспорттауда. Біздің компанияның одан әрі дамуы үшін елдегі тұрақтылықтың маңызы зор. Осы ретте, біз маңызды саяси оқиға –президенттік сайлауға барша азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді «Аралтұз» АҚ-ның вице-президенті Нағашыбай Әуезханов.
Әріптестерінің пікірін рзалықтар да қуаттайды. «РЗА» АҚ – қазақстандық өнімдерді шығару арқылы ел экономикасының дамуына үлес қосушы компания. 2000 жылы құрылыс мекемесі болып құрылған «РЗА» агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылданғанда кәсібін әртараптандыруға көшкен болатын. Бүгінде компания аймақтың азық-түлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика және транспорттық қызметтерінің дамуына үлес қосып келеді.
Сайлау науқаны барысындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жариялаған акциясына қатысты «РЗА» АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов «Қазақстанда «РЗА» АҚ-ы 100 пайыз отандық сапалы өнімді ұсынушы кәсіпорын ретінде танылған. Қазір біз өз өнімдерімізді «Әркімнің дауысы маңызды!» таңбасымен шығарудамыз. Осындай қолдау шараларымыз арқылы жерлестерімізді белсенділікке шақырамыз. Себебі, біздің дауысымыз – бұл біздің таңдауымыз», - деп өз пікірін білдірді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2015 г. 664 0