Б. Сапарбаев Қызылорда облысындағы «Аралтұз» АҚ мен Қамбаш балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында болды

Б. Сапарбаев Қызылорда облысындағы «Аралтұз» АҚ мен Қамбаш балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында болдыҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» акционерлік қоғамында жалғасты.


Мұнда қонақтарды аудан әкімі Абзал Мұхымов пен компания президенті Айдынбек Тауасаров күтіп алды.

«Аралтұз» акционерлік қоғамы аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда бүгінгі таңда 343 адам еңбек етеді.Жылына 213 мың тонна тұз өндіріледі. Оның 147 мың тоннасы ас тұзы болса, 66 мың тоннасы техникалық тұз болып табылады. Биылғы жылдан бастап кәсіпорында полимер өнімдерін өңдейтін цех іске қосылды. Онда өндірілген өнім аймақтағы басқа өндіріс орындарына шикізат дайындайтын болады. Жаңа зауыттың іске қосылуы 800-ден астам адамды еңбекпен қамтыды, оның 95 пайызы - жергілікті тұрғындар.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты облыс басшысы Қырымбек Көшербаев жаңа зауыттың жұмыс барысымен таныстырды. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өтті. Бұдан кейін ол ауылдағы №19 орта мектепке аялдап білім ордасының тыныс-тіршілігін көрді. Мұнан әрі жұмыс топы «Қамбаш» балаларды оқыту-сауықтыру оралығына бетке алды.

Мұнда олар демалыс орталығының жай-күйімен танысты.Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев қонақтарға демалыс орталығының қызметі және алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жайлы айтып өтті.

Жер көлемі 5200 шаршы метрді алып жатқан «Қамбаш» оқыту-сауықтыру орталығы өткен жылы пайдалануға берілді. Мұнда емдеу-сауықтыру үшін заманауи үлгіде барлық жағдай жасалған. Жылдық келіп-кететіндер саны 2000 оқушыны құрайды. 18 жеке бөлме, 21 екі адамдық бөлме, 8 бір адамдық, 12 екі адамдық люкс бөлмелері мен 100 адамға арналған мейрамхана қызмет етеді.

Жоба құны 450 млн. теңгені құрайды. Бас мердігер - «Саутс-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2015 г. 991 0